05-08-22 |
800 рет қаралған
«Атырау-Жарық» АҚ-ның 80-ге жуық жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартты.
«Атырау-Жарық» АҚ-ның 80-ге жуық жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартты

«Атырау-Жарық» АҚ-ның Жылыой аудандық электр жүйесі бөлімшесінің 80-ге жуық жұмысшысы наразылыққа шығып, жұмысқа шығудан бас тартты. Олар еңбекақыны екі есе өсіруді және жұмыс жасауға жағдай туғызуды талап етіп отыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.

Наразылыққа қатысушылар қордаланған мәселелерге тоқталды.

«Теңіз кенішінде жұмыс жасап жатқандарға ешқандай жағдай жасалмаған, бізге тамақтануға 15 күнге 32 мың теңге ғана ақша береді. Бірақ ол он күнге жетпей бітіп қалады. Жататын жатақханамыз ескі ғимаратта орналасқан, санитарлық талапқа мүлдем сай емес. Арнайы берілетін киімдер сапасыз, құрал-сайман жетіспейді, жалғыз «УАЗ» көлігі бар, оған тек бес адам ғана сыяды. Ал қалған 15 адам жұмысқа жаяу барады, жақын жер де емес»,-дейді Нұрым Жәкешов.

Аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шакиров, аудан прокурорының орынбасары Серік Ищанов көпшілікке заң аясында межеленген жерде өтуі тиістігін, егер ол орындалмаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық кодекстің заңнамалары барын ескертіп өтті. Дегенмен жиналған көпшілік талаптары орындалмаса, жұмысқа шықпайтындарын мәлімдеді. Бүгінде ауданда апаттық бригада ғана жұмыс жасап тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.