20-05-23 |
420 рет қаралған
Қазақстан Ресейге дрон тасымалдап жатыр: Санкция салына ма?.
Қазақстан Ресейге дрон тасымалдап жатыр: Санкция салына ма?

Бұған дейін Қазақстан дрондарды Ресейге жеткізіп отырғаны жайлы хабарлағанбыз. 2022 жылы қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы Ресейге 500-ден астам дрон жеткізгені анықталып отыр.

Бұл жайты Қазақстанға санкция салғысы келіп, тықыршып отырған Батыс елдерін ойландыра түсетіні анық. Жақында Еуропалық Одақ үшінші елдерге қарсы санкциялардың жаңа механизмін талқылаған еді, олардың пікірінше бұл елдер Ресейге санкцияны айналып өтуге жағдай жасап отыр. Бұл шаралар, әсіресе Ресеймен арадағы тауар және технологиялар саудасының кенеттен шарықтауын түсіндіре алмайтын елдерге бағытталған.

Bloomberg-тің жазуынша, шектеу енгізілетін елдердің тізімінде Қазақстан бірінші орында тұр, одан кейін Орта Азияның өзге елдері мен Түркия, Қытай және БАӘ бар.

Еуропалық одақ қолға алып отырған шектеудің жаңа механизмінің негізгі мақсаты – өзге елдердің Ресейге көмектесуіне жол бермеу және Мәскеу пайдалана алатын сауда арналарына тосқауыл қою. Егер бұл механизм жұмыс істемесе, блок екінші қадам ретінде нақты тауарларға шектеу қою мүмкін. Бұл шектеулер алдымен Ресеймен шектесетін елдерге салынатыны белгілі. Дрон жеткізу жағдайы шектеу шараларын жылдамдатып жіберуі әбден мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.