22-05-23 |
460 рет қаралған
Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын.
Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын

Армения Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын, деп мәлімдеді Армения Премьер-министрі Никол Пашинян. Ол армян халқының құқықтары сақталса ғана осындайға дайын екендіктерін айтты.

Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды ТАСС.

«86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Қарабақ та кіреді. Сонымен қатар, Таулы Қарабақтағы армяндардың құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі Баку-Степанакерт форматында талқылануы керектігін айтып отырмыз», – деді ол.

Өз кезегінде Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев те Әзірбайжан мен Армения арасында бейбіт келіссөздер жүргізу «сайып келгенде Кавказға ұзақ мерзімді бейбітшілік әкеледі» деп үміттенін жеткізді.

Мамыр айының басында Армения мен Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлері Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамов АҚШ-тың Арлингтон қаласында кездесті. 4 мамырда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тараптар бейбіт келісімге келу жолында айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін мәлімдеді. 17 мамырда Пашинян мұны 14 мамырда Брюссельде Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишельдің арағайындық танытуымен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен болған келіссөздердегі прогресті көрсете отырып растады, деп жазды Zakon.kz.

Қарабақ қақтығысы 1988 жылы ақпанда Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзірбайжан КСР құрамынан шығатынын жариялаған кезден басталды. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде Әзірбайжан Таулы Қарабақты және оған іргелес жеті ауданды уысынан шығарып алды. Одан кейін қақтығыс дүркін-дүркін төбе көрсетіп отырды, екі ел шекарасында атыс болып, шиеленістер де аракідік бұрқ ете түсетін.

2020 жылдың қыркүйегінде Таулы Қарабақта әскери іс-қимыл қайта бұрқ етті. Ол үш айға созылды және бейбіт тұрғындар арасында құрбандар тіркелді. Бітімге келудің үш әрекеті сәтсіз аяқталды, бірақ 10 қыркүйекке қараған түні Баку мен Ереван Мәскеудің делдалдығымен бейбітшілік келісіміне қол қойды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.