30-05-23 |
520 рет қаралған
31 мамырда Алматыда ешқандай митинг, шеру болмайды – прокуратура.
31 мамырда Алматыда ешқандай митинг, шеру болмайды – прокуратура

Алматы қаласы прокуратурасы 31 мамырда қалада ешқандай митинг, шеру болмайтыны туралы хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде ағымдағы жылдың 31 мамырында жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілер мен шерулерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер кеңінен таралуда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бұл күндері Алматы қаласында қандай да бір бейбіт жиналыстар өткізу келісілмеді. Осыған байланысты, жалған хабарламалармен жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын ескертеміз.

Өкінішке орай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізуді заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алып келуде. Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі – заң) бекітілгеніне назар аударамыз.

Тиісінше, Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (Заңның 3 – бабының 3-тармағы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылыққа, оның ішінде 25 тәулікке дейін қамаққа алу шарасына әкеп соғады.

Заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария түрде шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.

Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады», делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.