02-06-23 |
500 рет қаралған
Тоқаев Ахметовтің өкілеттігін тоқтата ма?.
Тоқаев Ахметовтің өкілеттігін тоқтата ма?

9 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келе жатқан Даниал Ахметовтің өкілеттігі аяқталуға жақын.

Мемлекет басшысы былтыр 11 маусымда оның өкілеттігін бір жылға ұзартқан болатын. Бұл туралы сол кезде Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім еткен. 

Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды – деп жазған еді Руслан Желдібай.

Еске салсақ, Даниал Ахметов 15 маусымда 69 жасқа толады. Әр жылдары ол премьер-министр, қорғаныс министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болды.

Ол 1954 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

1976-1981 жылдары – «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жылдары – Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жылдары – «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жылдары – Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жылдары – «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жылдары – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жылдары – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасар;

21.11.2001-13.06.2003 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-11.2014 жылдары – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

arasha.kz

ФОТО: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.