05-06-23 |
1150 рет қаралған
15 млн-ға сатылған мектеп. Мақсат Толықбай обыс әкіміне екі ай уақыт берді.
15 млн-ға сатылған мектеп. Мақсат Толықбай обыс әкіміне екі ай уақыт берді

Белгілі журналист, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы әкіміне екі ай уақыт берді.

Әңгіме 15 млн теңгеге сатылған мектеп мәселесіне қатысты. Мәжіліс отырысында тікелей эфирге қатысқан Алматы облысы әкіміне бағыттап сауал жолдаған депутат 2 айда бәрі орындалмаса, бұл сауданың артында кім тұрғанын анықтайтынын айтты.

Өткен аптада ғана мен өңірден келдім. Мектептің жайын айтып жатырсыздар ғой, мен сіздерге бір сұмдықты айтайын. Біз қазір бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Мына Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы орта мектеп болған. 250 балаға арналған. Соңғы жылдары толығымен капиталды ремонт жасалды. Жаңадан спорт залын салып берді. Бүкіл ауыл баласы қуанып жүргенде, сол ауылдың мектебін сатып жіберді. Жеке қолға – дейді депутат.

Ол мектепті әкімдік сатады, басқа кім сатады деп отыр.

Басында 15 млн теңгеге сатқан. Ол тағы біреуге 80 млн-ға сатқан, сонымен жалғасып кете берген. Прокуратураға айттым, «қайда қарап отырсыңдар?» деп. «Шамамыз келмейді, сот біздің шағымымызды қабылдамайды» – дейді. Сол ауылдағы құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 млн теңге тұрады. Бұл сұмдық қой! Бір үлкен мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберу деген – дейді Мақсат Толықбай.

Депутат облыс әкіміне екі ай уақыт берді.

Сондықтан Алматы облысының әкімі, бұл қай әкімнің тұсында қалай сатылғанын анықтау оңай емес, бәрін біліп отырмыз. Тез арада (мектепті – Араша) қайтарыңыздар, әйтпесе бүкіл фамилияның соңына жетем. Екі ай уақыт береміз – деді депутат өз сөзінде.

arasha.kz

ФОТО: baq.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.