06-06-23 |
620 рет қаралған
Үтік басқыштар. 40-қа жуық полицей жауапқа тартылды.
Үтік басқыштар. 40-қа жуық полицей жауапқа тартылды

Азаптаудың алдын алу бойынша маңызды қадамдардың бірі полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылауды енгізу.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бас прокуратура полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камера  анықтады.

Прокуратураның ұсынысы бойынша «Көрінбейтін аймақтарды» болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды.  Ғимараттарды толық жарақтандыруды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы және басқа да полиция қызметкерлері арасында азаптаудың алдын алудың мәселелері Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен Ішкі істер министрлігінде өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды. Ол қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын атап өтті – делінген баспасөз хабарламасында.

Министрлік басшылығына психологиялық тестілеу өткізу арқылы азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылды.

Азаптауға қарсы кешенді шараларды іске асыру жалғасуда.

arasha.kz

ФОТО: infonews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.