
Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі интернеттегі наразылықтан кейін 714 мың теңгеге смартфон сатып алудан бас тартты.
Тапсырыс беруші – «Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; аты – ұялы телефон; қосымша сипаттама – ұялы телефон (смартфон) (жеткізушілердің назарына: техникалық шарттармен мұқият танысуыңызды сұраймыз); бірлік бағасы – Т714 285,72; саны – бір; лоттың мәртебесі жойылды, – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Тапсырыс 9 қазан мен 16 қазан аралығында берілген.
Айта кетейік, бұған дейін әкімдіктің бір смартфон сатып алуға 714 мыңнан астам бюджет қаражатын жұмсау жоспары желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын.
Arasha.kz
ФОТО: mapio.net
-
2023-11-28 19:49:23
-
2023-11-27 14:44:56
-
2023-11-27 14:28:08
-
2023-11-27 13:04:14
-
2023-11-23 16:39:39
-
2023-11-23 16:29:49
-
2023-11-22 17:08:37
-
2023-11-20 16:33:38
-
2023-11-20 16:11:13