14-11-23 |
Болат Назарбаевтың қазасы Үкімет отырысын кейінге шегеруге себеп болды.
Болат Назарбаевтың қазасы Үкімет отырысын кейінге шегеруге себеп болды

Болат Назарбаевты соңғы сапарға Шамалғанда шығарып салды.

Бұл туралы chinovnik_kz телеграм арнасы жазды.

Жерлеуге тұңғыш президент, марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Әнипа, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов, «Антикор» ұйымының экс-төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.

Марқұммен қоштасу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың да қатысуына байланысты бұған дейінгі дәстүрге айналған Үкімет отырысы ертеңге шегерілді.

Arasha.kz

ФОТО: Әмірболат Құсайынұлы 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.