13-06-23 |
2650 рет қаралған
Қаржы министрі орман шаруашылықтарына бөлінген қаржының қайда кеткенін білмейді.
Қаржы министрі орман шаруашылықтарына бөлінген қаржының қайда кеткенін білмейді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев орман шаруашылығы саласына бөлінген қаржының санын білгенімен, ол ақшаның қайда кеткенін хабарсыз. Министрдің айтуынша, биыл орман шаруашылығы саласына 52,7 млрд теңге бөлінген. 2023-2025 жылғы бюджет бойынша салаға 121,5 млрд теңге қарастырылған.

Миллиардтаған қаражат бөлінгенімен  алапат өртке оранға «Семей орманы» орман шаруашылығының жағдайы неге сонша нашар екеніне жауап беретін адам жоқ. Жамаубаев болса, «тексеру керек» дегеннен аса алмаған. Қаржы министрлігі орман шаруашылығы саласына бөлінген қаржының дұрыс игерілуін неліктен қадағаламағаны түсініксіз. Оны қаржы министрінің өзі білмейді. Қаражат бөлінеді әрі қарай ол ақшаның қайда кеткенінен ешкім хабарсыз болып шығады…

Алапат өрт орман шаруашылығы саласындағы жағдайдың сын көтермейтінін ашты. Орманшыларда тіпті арнайы киім де жоқ болып шыққан.

Бүгін Абай облысына өрттің шығуын, дер кезінде өшірілмеу себептерін және өзгеде жағдайларын зерттеуге комиссия аттанды. Комиссия 10 күннің ішінде қортынды шығармақ. Үкіметтік комиссияның төрағасы вице-премьер Роман Скляр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.