16-01-20 | 20:57
Армения, Қырғызстан, Ресейден әкелінген көлік иелері митингіге шықпақшы.
Армения, Қырғызстан, Ресейден әкелінген көлік иелері митингіге шықпақшы

Армения, Қырғыстан және Ресейден әкелініп, сол елдің мемлекеттік нөмірімен жүрген, Қазақстанда тіркелмеген автокөлік иелері ішкі істер министрлігінің мұндай көліктерге қатысты қолданбақ шарасына қарсы митинг өткізбекші. Мәселен, Батыс Қазақстан облысындағы тіркелмеген “Жария” қоғамдық қозғалысының мүшелері бүгін Орал қаласы әкімшілігіне митинг өткізуге рұқсат сұрап өтініш тапсырды. Қозғалыс мүшелері бұл туралы “Орал жаңалықтар” телеграм каналында айтты.

Сондай-ақ “Дикая Азия” телеграм каналында жоғарыда айтылған елдерден әкелінген көліе иелері жиналғаны туралы видео жарияланды.

Ішкі істер министрлігі Армения, Қырғызстан, Ресейден әкелінген көліктер иелері көліктерін заңға сәйкес тіркетпесе, айыппұл салынып, айыптұрағына қойылатындығы туралы айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk