25-11-21 |
Арон Атабек көз жұмды.
Арон Атабек көз жұмды

Саяси тұтқын деп танылған ақын Арон Атабек қайтыс  болды.

Бұл туралы Жанболат Мамай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

“Арон Атабек қайтыс болды деген суыт хабар жетті. Бақұл болыңыз, Қаһарман Аға!”, –деп жазды Жанболат Мамай. 

Белгілі болғандай, 20 қазанда Арон Атабек ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. 21 қазанда ол комаға түсті. 

Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматының іргесіндегі тұрғындар заңсыз басып алынған жерлерде салынған үйлерді бұзуға жіберілген полицияға қарсылық көрсеткен «Шаңырақ оқиғасынан» кейін сотталған.

Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей қаза тапты. Полицейді наразылық білдірушілер бағанаға байлап, өртеп жіберген. Билік оның өліміне бірнеше жергілікті тұрғын мен сол күні Шаңырақта болған Арон Атабекті айыптады.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.