01-07-20 | 22:31
Аружан Саин: Қазақстанда той жасауға 2 жыл тыйым салу керек.
Аружан Саин: Қазақстанда той жасауға 2 жыл тыйым салу керек
“Милосердие” қайырымдылық қорының жетекшісі, Балалар құқығы бойынша уәкіл Аружан Саин әлемдік пандемияға байланысты той жасауға екі жыл тыйым салуды ұсынатынын өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
“Бұрынғы тұмау эпидемиясының таралу қарқыны мен  коронавирустың таралу жылдамдығын ескере отырып,  ғалымдар қандай сценариймен дамымаса да COVID-19 алдағы бір жарым, екі жылда тоқтамайды деген қорытындыға келген.”
Егер адамдар жаппай ауыратын болса ешқанджай денсаулық сақтау жүйесі шыдас бере алмайды.
Егер жұмысқа әріптестеріміз адам көп жиналатын тойдан, мерейтойдан немесе жаназадан келіп отыратын болса ешқайсымыз қауіпсіздікте болмаймыз.  Балабақша мен мектептегі балалар тіпті қорғансыз.
Иә, балалар короновирусты жеңілірек өткізеді, бірақ балалар COVID-19 тасымалдайды ғой, солай олар өздерінің ата-әжелеріне жұқтырады.
Сосын ел мұндай шараларға несие алған күнде пандемияның кесірінен қаржылық дағдарыс кезінде көбі несиелерін қайтара алмайды”, -дейді Аружан Саин.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.