17-06-19 | 14:26
Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кетеді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кетеді

Бүгін мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму комитетінің отырысында мәдениет және спорт министрі лауазымына Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы ұсынылды. Министр лауазымына үміткерді үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасымен прьемер-министр канцеляриясының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Комитет Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын мәдениет және спорт министрі болуға лайықты деп танып, табыс тіледі.

Сөйтіп, атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кетіп, орнына Ақтоты Райымқұлова тағайындалғалы тұр.

Ақтоты Райымқұлова осыған дейін мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарып келді. Министр лауазымына кандидаттың өмірбаянын мына жерден оқуыңызға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.