20-01-23 |
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

«2023 жылдың 17 қаңтарында күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға ұзартылды», – делінген Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.

29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Тұтқындауға халықаралық көрмелерге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен санкция берген.

Кейін ұрлықтың тағы бір эпизоды ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей орындалған жұмыс үшін мердігерге 1,3 млрд теңге төлегенін түсіндірді. Ал зерттеу жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңге болғанын көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.