13-11-19 | 12:54
Қаржы министрлігі халықтың ақшасын тексеруге ғана қауқарлы ма?.
Қаржы министрлігі халықтың ақшасын тексеруге ғана қауқарлы ма?

Бүгін мәжіліс депутаты, “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев қаржы министрі Әлихан Смайловқа депутаттық сауал жолдап, халықтың банк карталары арқылы аударымдарын бақылауға алу туралы мәлімдемесін сынға алды.

“Тұрғындар азық-түлік, дәрі-дәрмек, балалар тауарларын, шаштараз қызметтері мен көліктерді техниқалық тексерістен өткізгенде карталары арқылы төлем жасайды.

Карта иелерінің көпшілігі несиеге өмір сүреді. Бұл сатып алушыларға да, кәсіпкерлерге де қатысты.

Құрметті салықшылар, жасырын миллионерлерді төлем карталарын тексеру арқылы іздемеңіздер. Бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамай, өз бетімен күн көріп, нан тауып жүр.

Одан да, миллондап пара алатындарды, офшорға миилардтарды шығаратындарды іздеңіздер”,-дейді Азат Перуашев. Ол сондай-ақ қаржы министрлігінің бастамасы заманауи төлем жүйесіне сенімді азайтып, көлеңкелі қолма-қол төлемді көбейтетін де айтқан.

Депутат қаржы министрінен вице-министрдің мәлімдемесін растауды немесе жоққа шығаруды сұрайды. Егер мәлімдеме қаржы министрлігің жоспарында тұрған болса онда оны қайта қарауды болмаса бас тартуды ұсынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.