09-01-20 | 13:03
Қаскелеңдегі жарылыста екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алды.
Қаскелеңдегі жарылыста екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Жарылыс екі адамның өмірін жалмады. Алматы облысында көпқабатты үйде газ жарылып, соның салдарынан 10 жасар оқушы оқиға орнында, ал 82 жасар әже жансақтау бөлімінде көз жұмды. Төтенше жағдайдан тағы алты адам жарақат алған.

Жамбыл Бердәлиев, Қарасай аудандық орталық аурухананың дәрігері:

– Үш баланың жағдайы қазір орташа ауыр. Үлкендердің біреуі ауыр халде болды. Ол қайтыс болды. Барлық медициналық көмек көрсетілді.

Соған қарамастан, жарақаты ауыр болған соң көз жұмды.   Оқыс оқиға Қаскелең қаласындағы тұрғын үйдің бесінші қабатында болған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, бірден төрт пәтер бүлініпті. Есік-терезелердің де күл-талқаны шығып, үйлердің арасын жалғайтын қабырғалар опырылып түскен. Жан-жаққа ұшқан терезе сынықтары есік алдындағы тұрған көліктерге де зақым келтіріпті. Әбден қорқып қалған бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындарын жергілікті әкімдік уақытша қонақ үйге орналастырды. Қазір жарылыстың нақты себебін анықтау үшін мамандар газ құбырларын тегіс тексеріп жатыр.

Нұрдәулет Тәліпов, Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Көпқабатты үйде газ беру тоқтатылды. Қазір арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал зардап шеккен пәтерлердің барлығын біз жөндеп береміз.

Дереккөз: КТК

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.