Жетім балалардың тамағына бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған.
Жетім балалардың тамағына бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған

Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйіндегі жетімдердің тамағына бөлінген қаржының 25,9 миллион теңгесін жымқырған. Бұл туралы қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

«Қазіргі уақытта «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Агенттік елордалық балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болып табылады.

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн.теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген
25,9 миллион теңгені жымқырған», – деп хабарлады комитет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.