06-01-20 | 15:50
Касем Сүлейманидың қызы АҚШ-тың басына “қара бұлт” төнгенін айтты.
Касем Сүлейманидың қызы АҚШ-тың басына “қара бұлт” төнгенін айтты

Иранда қаза тапқан Генерал Касем Сүлейманидың қызы Зейнаб әкесін жерлеу рәсімінде АҚШ пен Израилге ескерту жасады деп жазады Reuters агенттігі.

“Есі кеткен Трамп, әкемнің өлімімен бәрі бітеді деп ойлама!” – деп мәлімдеді Зейнаб. Сонымен қатар генералдың қызы АҚШ пен Израилдің басына қара бұлт төнгенін айтты.

Тегеранда ислам сақшылары корпусының арнайы элиталық бөлімі – «Құдс күштерінің» қолбасшысы, генерал Касем Сүлейманимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Сүлеймани Бағдадтағы америкалықтардың әуе соққысынан қаза тапты.

Айта кетейік, өткен жұмаға қараған түні Бағдад халықаралық әуежайында АҚШ соғыс операциясын жүргізген. Сол ұрыс кезінде генерал Касем Сүлеймани мен Иран қолдайтын ирактық “Хашд аш-Шааби” әскери бөлімі жетекшілерінің бірі Әбу Махди әл-Мухандис те қаза тапқан.
Ирак Сыртқы Істер министрлігі Сүлейманиға қарсы операцияны елдің тәуелсіздігін бұзу деп мәлімдеді.
Иран болса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды. Сонымен қатар, Тегеран американың әскери объектілеріне соққы жасаймыз деп уәде етті.
Қазақстан Иран мен АҚШ арасындағы мәселеде саяси-дипломатиялық жолдарды іздеуге шақырды.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.