19-11-18 | 13:31
Атамбаев бүгін есеп береді.
Атамбаев бүгін есеп береді

Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев “Апрель” телеарнасынан 2017 жылғы президент сайлауы, оның ішінде сайлауды қаржыландыру туралы баяндайды. Бұл туралы Атамбаев басқаратын Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) баспасөз қызметі хабарлады. Экс-президенттің сұхбаты эфирге 19 қарашада шығады.

15 қарашада заңгер әрі құқық қорғаушы Нұрбек Токтакунов президент Сооронбай Жээнбековтің сайлауалды штабы ресми көрсетілген сомадан бірнеше есе көп қаражат жұмсағаны туралы құжат жариялаған. Құжатта “Жээнбеков штабы 1,1 миллиард сом және 6,8 миллион доллар жұмсады” деп көрсетілген. Орталық сайлау комиссиясының ресми есебінде “158 миллион сом” деп жазылған.

Президент аппараты бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеді. “Мұның жалған ақпарат екені көрініп тұр. Мөр жоқ, қол қойылмаған. Біз жалған ақпаратты түсіндірмейміз” деді президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева.

Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы президент сайлауында сайлаушылардың 54 пайызын жинап, жеңіске жеткен. Оны президенттікке ҚСДП ұсынған. Сол кезде президент болып тұрған Алмазбек Атамбаев оны ерекше қолдаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.