Атырау облысының әкімі COVID-19 жұқтырды.
Атырау облысының әкімі COVID-19 жұқтырды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен оның бірінші орынбасары Серік Айдарбеков коронавирус жұқтырды. Осы себепті аймақ басшысы 12 қаңтардан бастап қашықтықтан жұмыс істеуде. Бұл туралы облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі Ержан Төлек Facebook-те жазды. 

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бірінші орынбасары Серік Айдарбеков COVID-19-ды анықтауға тапсырған ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен 12-қаңтардан бастап қашықтан жұмыс істеуде. 

Аймақ басшысы Атырау қаласында, өңірді жедел басқаруды жүзеге асыруда», – деп хабарланды баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Атырау облысы 12 қаңтардан бастап қауіпті «қызыл» аймақта. COVID-19-ды таратпау бойынша ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте облыста ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен 538 науқас анықталған

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk