Атырауда масамен күреске 129 миллион теңге бөлінді.
Атырауда масамен күреске 129 миллион теңге бөлінді

Атырау облысында масаға қарсы дезинфекциялық жұмысқа 129 млн 995 мың теңге бөлінген. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

«Қаңтарда масаға қарсы дезинсекциялық жұмысты жүргізуге тендерлік конкурс жарияланған еді. Алайда, қатысушылардың құжаттарына байланысты конкурс сәуір айына ауыстырылды. Жақында тендер нәтижесі шығады. Ал, мамыр айының басында дезинсекциялық жұмыс басталады. Бірақ, сәуірде қаланың кейбір бөліктерінде демеушілік көмекпен масаға қарсы роторлы бүріккішпен улау қолға алынды», -деп хабарлаған әкімдіктің баспасөз қызметі.

AG Disinfektion services ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек Ахмедияровтың былтыры  ҚазАқпаратқа берген мәліметінше, Атырауда масаның табиғи көбею ошағы саналатын бес учаске бар. Олар: Сарыөзектегі кәріз суы құйылатын, Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағындағы техникалық және өндірістік мақсатқа пайдаланылған шайынды су төгілетін орын, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты Каспий маңы жағалау алаңдары және қаланы айналып өтетін «Ерік-Мостовой» каналы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk