Атыраулықтар ат мінгізген генерал жаңа қызметке келді.
Атыраулықтар ат мінгізген генерал жаңа қызметке келді

Ішкі істер министрлігінің тексерісінен кейін лауазымынан айрылған экс полицей Аян Дүйсембаев жаңа қызметке келді. Бұған дейін Атырау облысы полиция басқармасының басшысы қызметін атқарған ол сыйлыққа берілген жорғаға мінгені үшін басы дауға қалған еді.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Аян Дүйсембаев қызметке қайта келді.

«Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дүйсембаев Аян Сәбитұлы өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – деді Уәли.

Айта кетейік, 2019 жылдың мамыр айының басында Аян Дүйсембаев полиция генерал-майоры лауазымына көтерілді. Бір аптадан кейін әлеуметтік желілерде видео пайда болды. Видеода мереке кезінде Аян Дүйсембаевқа ат мінгізіп жатқаны көрсетілді.

Кейін Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео  әлеуметтік желіді қызу талқыға түсті. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.