11-09-20 | 15:00
“Ауыл” партиясын ұлттық құндылықтар толғандыра бастапты.
“Ауыл” партиясын ұлттық құндылықтар толғандыра бастапты

Маңғыстауда «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Партия төрағасы Бектаев саяси ұйымның қоғамдық құрылым ретінде бірнеше жылдан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында атқарған жұмыстары мен болашақ жоспарлары жайында айтты.

«Қазақ халқы үшін ұлттық құндылықтарымыздың негізі ауыл топырағынан тамыр тартады. «Ауыл» партиясы 2016 жылдан бері «Ауылым алтын тұғырым» атты әдеби-онлайн конкурсын ұйымдастырып келеді. Бүгінге дейін оған 100-ден астам қаламгер қатысты. Әсіресе, жастардың қызығушылығы жоғары. Жыл сайын әдеби конкурсқа жіберілген шығармалардың ішінен үздіктері іріктеліп алынды. Нәтижесінде «Алтын тұғыр» атты үш томдық жинақ жарық көрді. Биылғы жылды есептегенде ауыл тақырыбына арналған үздік туындылардың көлемі 12 томды құрады»,- деді Әли Бектаев.

фото: inform.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.