11-03-19 | 11:27
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының акциялары сатылды.
Қазақ бас сәулет құрылыс  академиясының акциялары сатылды

       ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, аукцион өткізу жолымен электронды жүйемен сауда өткізді. Аукционға Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының 35% пайыз акциясы шығарылған болатын. Аукцион қорытындысы бойынша “Халықаралық білім беру корпорациясы” акционерлік қоғамы жеңімпаз болып танылды.

“Халықаралық білім беру корпорациясы” акционерлік қоғамының басты мақсаты – “Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы” қызметін дамытуда оқу орнының тарихи мәні мен кәсіби ерекшелігін сақтай отырып, отандық архитектура-құрылыс саласына және басқа да қазіргі қоғамға қажетті әлеуметтік-экономикалық құрылымдарға арналған жоғары сапалы мамандарды даярлау әрі кәсіби көп сатылы білім мен ғылымды дамыту.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.