22-01-20 | 09:40
“Қазақмыстағы” қанды оқиға: Бас директор ес-түссіз жатыр.
“Қазақмыстағы” қанды оқиға: Бас директор ес-түссіз жатыр

Кеше кешкісін Жезқазғандағы “Қазақмыс” корпорациясының кеңсесінде болған қанды оқиғадан соң, бас директор Амангелді Минигулов пен даму жөніндегі директор Сабыржан Тембаев ауруханаға жеткізілгені хабарлғанған еді.

Дәрігерлердің хабарлауынша, Амангелді Минигулов ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. Ал Сабыржан Тембаев ота бөлімінде емделуде.

Жезқазғандағы “Қазақмыс” корпорациясының бас директоры Амангелді Минигуловты және даму жөніндегі директор Сабыржан Тембаевты пышақтап, кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов оқиға болған жерде өзін өзі атып өлтірген. Бұл туралы zakon.kz телеграм каналында жазды.

Оқиға бүгін кешкі сағат 17 шамасында болған. Бас директор Минигулов пен Тәжбенов сөзге келіп қалған. Тәжбенов директордың кабинетінен шығып кетіп, іле шала қару алып келіп, атқан. Бірақ ешкімге оқ тимеген. Сөйтіп Тәжбенов пышақ алып бас директорды және даму жөніндегі директорды пышақтаған да өзін өзі атып өлтірген.

Минигулов пен Тембаев ауруханаға жеткізілген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.