13-01-20 | 16:51
Қазақстанға ең көп келетін еңбек мигранттары Қытайдан.
Қазақстанға ең көп келетін еңбек мигранттары Қытайдан

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беретін шекті  сан республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады деп хабарлайды Аzattyq-ruhy Еңбек және Халықты әлеуметтік қамту министрлігіне сілтеме жасап.

«Квота 2019 жылы бекітілген  48 700 бірлікпен салыстырғанда 40%, оның ішінде үшінші санат бойынша мамандар – 37%-ға, төртінші санат бойынша білікті жұмысшылар – 23%-ға қысқартылды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 4 санат бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартудан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің қажеттілігін жергілікті мамандар есебінен жабуды жоспарлап отыр»,- делінген бүгін министрлік таратқан хабарламада.

Ең көп экспат үшінші санаттағылар

Аzattyq-ruhy жолдаған сауалға жауап берген министрлік  2019 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттар саны 19 538 бірлік екенімен бөлісті. Оның ішінде санаттар бойынша:  бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 789 адам; екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 488 адам;  үшінші (мамандар) – 9 657 адам;  төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 738 адам;  маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 271 адам деп жауап қатты.  

Қазақстанда шетелден жұмыс күшін тартатын компаниялар саны 2 100, оларда 491 923 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 96 % құрайды.

Үндістаннан Ұлыбританияға дейін

Ал Қазақстанға еңбек мигранттарының қандай елдерген келетіні туралы көрсеткіш төмендегідей: Қытай – 4 191 адам;  Түркия – 1 759 адам;  Үндістан – 1 862 адам;  Ұлыбритания – 1 396 адам;  Өзбекстан – 1 378 адам.

Экспаттардың басым бөлігі құрылыс саласында. Кестtдегі ақпаратқа сәйкес ауыл, орман және балық шаруашылығына да шетелден жұмыс күші тартылған. Олардың жалпы қандай салаларда жұмыс істейтініне тоқталcақ: құрылыс – 8 225 адам;  тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 2 198 адам;  fуыл, орман және балық шаруашылығы – 758 адам;  өңдеу өнеркәсібі – 1 419 адам;  кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 1 581 адам.

Айта кету керек, 2019 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс берушілер 7,5 млрд. теңгеден астам салық алымдарын төледі.

Қазақстанда шетелдік 30 адманан артық жұмысшысы бар компаниялар саны 124.

«Еңбекмині Бас прокуратурамен бірлесіп, 30-дан астам адам бар шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарды тексеруге бастамашылық жасады. 95 кәсіпорынды тексеру барысында еңбек және көші-қон заңнамасын бұзудың 1 мың фактісі анықталды, Оның ішінде 27 кәсіпорында еңбекақы төлеу, шетелдік және 479 жергілікті қызметкерлер арасында сәйкессіздік фактісі анықталды»,- делінген министрліктің ресми жауабында.  

Еске салайық, 20 желтоқсанда өткен Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда  шетелдік жұмыс күшін қысқарту туралы бірсыпыра тапсырма берген. 

«Біріншіден, 2020 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы айтарлықтай қысқарады. Қысқарту 40 пайыз шамасында болады. 2019 жылы 49 мың болса, 2020 жылы 29 мың болады. Екіншіден, жұмысшылар саны 250 адамнан асатын, 30-дан артық шетелдік жұмысшы тартқан барлық кәсіпорындар тұрақты тексерумен қамтылады.

Енді Еңбек министрлігі кез келген заңбұзушылықтарға жедел әрекет ете алады. Осылайша, мәселенің жылдан-жылға қордалануына жол берілмейді. «Үшіншіден, шетелдік жұмыс күшіне квота тағайындау ережесі және рұқсат беру ережесі қайта қаралады. Төртінші санаттағы жұмысшы мамандығы бойынша шетелдік жұмысшының санын қысқарту мәселесі де қайта қаралады. Сондай-ақ, мамандардың жергілікті құрамына қатысты талаптар күшейтіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мөлдір Бақытқызы, Нұр-Сұлтан 

Дереккөз:Аzattyq-ruhy

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk