31-10-19 | 14:06
Қазақстан канадалық бизнесменге 13 миллион доллар төлейді.
Қазақстан канадалық бизнесменге 13 миллион доллар төлейді

2019 жылғы 29 қазанда төрелік Трибунал «World Wide Minerals Inc.» канадалық компаниясы және Пол Кэролл бастама жасаған төрелік қарау бойынша шешім шығарды деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөзбен байланыс қызметі.

Бастапқыда елімізге қарсы талап-арыздың сомасы 1,9 млрд АҚШ долларын және пайыздарды төлеу керек делінген. Трибунал талапкерлерге бастапқы талап етілген соманың 0,725 %-дан кем бөлігін төлеуге шешім шығарды.

“Целиналық тау-химиялық комбинат (ЦТХК) сенімді басқару келісімге сәйкес 1996-97 жылдарда Талапкерлердің сенімді басқаруында болған. Сонымен қатар, Талапкерлер өздеріне ЦТХК-ға қолдау көрсеткен Степногорск қаласы жұмысшыларының алдында міндеттемелер алған.

1997 жылдың сәуір айынан бастап Талапкерлер қызметкерлердің жалақысын төлемей Келісімшарттың шарттарын қайта-қайта бұза бастаған. ЦТХК-ның көптеген цехтарының жұмысы уақытша тоқтатылып, көмір қорлары таусылған. Бұл халық арасындағы әлеуметтік қысымның өсуін тудырды. Степногорск қаласындағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары күйреуге ұшырады, ал қала апат шегіндегі жағдайда болған. Осындай жағдайларда Республика сенімді басқару туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдады.

Талапкерлер төрелік арызды 2013 жылғы желтоқсанда берді, талап-арыз бойынша тыңдаулар 2017 жылғы желтоқсанда Лондон қаласында өтті. Республика Талапкерлердің барынша елеулі деген талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға Трибуналдың көзін жеткізгендіктен, Трибунал талап етіліп жатқан соманың тек ЦТХК-ның операциялық қызметіне инвестиция ретінде салынған бөлігін ғана табыс етті.

Бұл төрелік процес Талапкерлердің Республика есебінен өз шығындарын қалпына келтірудің үшінші талпынысы болып табылады. Талапкерлер 2000 жылы АҚШ соттарына өздеріне келтірілген 1,2 млрд АҚШ доллары көлеміндегі залалдардың орнын толтыру туралы арызданды. Ол кезде сот олардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

2007-2010 жылдар аралығындағы кезеңде Талапкерлер Қазақстан Республикасына қарсы 3,7 млрд АҚШ доллары көлеміндегі талап сомасымен төрелікке арыз берген. Бұл кезде де Талапкерлердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған еді”, -делінген баспасөз хабарламасында.

Әділет министрлігінің пікірінше бұл Республика үшін айтарлықтай табыс екен. Енді мемлекет 13 миллион теңгеден астам қаражатты шетелдік компанияға төлейтін болды.

“Әділет министрлігі Талапкерлерге табыс етілген залалға қатысты шешімнің осы бөлігін шағымдау бойынша өз ұстанымын қарастыруда. Шағымдау рәсімі 2 жылға дейінгі уақытты алуы мүмкін”, -дейді құзырлы орын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.