Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінен бұрын жабылады.
Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінен бұрын жабылады

Үстіміздегі жылы мамырдың 11 күні сағат 18:00-де Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінен бұрын жабылады деп хабарлайды Орталық Сайлау комиссиясы.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсынылған барлық кандидаттар 6 мамырға дейін тіркеліп біткен. Олар қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Әміржан Қосанов, Сәдібек Түгел, Жамбыл Ахметбеков, Амангелді Таспиықов, Дания Еспаева, Төлеутай Рахымбеков.

“Кандидаттарды тіркеу кезеңін мерзімінен бұрын аяқтауға ОСК-ның бірқатар қабылдаған шешімдері мүмкіндік берді: уәкілетті органдардың мәліметтерді беру мерзімдерін қысқарту туралы; тиісті бес күннің орнына екі күн ішінде кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу туралы; қол қою парақтарын беру мерзімдерін екі күнге дейін қысқарту, сондай-ақ заңда белгіленген 10 күннің орнына қол қою парақтарын бес күнге дейін тексеру”, -деді ОСК төраға орынбасары Константин Петров.

Төраға орынбасарының сөзінше, босаған уақыт кандидаттарға штаб қызметін ұйымдастырумен айналысуға, сайлау округтерінде қаражатты шоғырландыруға және үгіт кезеңіне сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, ҚР президентін сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.