31-01-20 | 16:35
Қазақстан уран байытудағы үлесін Ресейге сатпақшы.
Қазақстан уран байытудағы үлесін Ресейге сатпақшы

“Қазатомөнеркәсіп” ҰК “Уран байыту орталығы” АҚ-дағы 50% үлесін Ресейдің «ТВЭЛ» АҚ-на сатпақшы. Бұл туралы ұлттық компания хабарлады.

“Уран байыту орталығы” АҚ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны. Екі ел кәсіпорынға тең жағдайда иелік етеді. Яғни кәсіпорынның 50% “Қазатомөнеркәсіп” ҰК, 50% «ТВЭЛ» АҚ тиесілі. Ал «ТВЭЛ» АҚ Ресей мемлекеттік “Росатом” корпорациясына (100 % акциясы) қарайды.

Ал “Қазатомөнеркәсіп” ҰК  хабарламасында: “«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») «Уран байыту орталығы» АҚ («УБО») өзіне тиесілі 50% үлесті (- 1 (бір) акция) осы бірлескен кәсіпорын бойынша өз серіктесі – «ТВЭЛ» АҚ-на («ТВЭЛ») 6, 253 млрд рубльге (шамамен $100 млн АҚШ доллары) сату ниеті туралы хабарлайды” делінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk