13-12-18 | 14:01
Жоғарғы сот Өзбекстан азаматын ақтады.
Жоғарғы сот Өзбекстан азаматын ақтады

Қазақстан Жоғарғы соты ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамады деген айыппен бас бостандығынан айырылған Өзбекстан азаматын Бас прокуратураның қарсылығы бойынша ақтады. Бұл туралы 13 желтоқсан күні Бас прокуратура хабарлады.

2016 жылы Атырау облысының Исатай аудандық соты Өзбекстан азаматы Тәжиевті “елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамады” деп айыптап, 50 айлық есептік көрсеткішке тең (106 мың 500 теңге)  айыппұл салу және Қазақстан аумағынан бес жыл мерзімге шығарып жіберу туралы үкім шығарған.

Бір жыл өткен соң Исатай аудандық соты Тәжиевті “соттың елден шығарып жіберу туралы үкімін орындамады” деген айыппен алты айға бас бостандығынан айырған.

Қазақстан заңдары бойынша, бір ғана қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Жоғарғы сот прокуратураның қарсы уәжіне келісіп, істі қылмыстық құрамы жоқ” болғандықтан тоқтатқанын айтады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.