Қазақстанда 7 мыңнан аса адамның азаматтығы жоқ.
Қазақстанда 7 мыңнан аса адамның азаматтығы жоқ

2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар саны 1,2 есеге ұлғайған. Бұл туралы Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетелдіктердің Қазақстанның көші-қон саласында заңнамасында 2016-2018 жылы бұзу динамикасы тұтастай алғанда өзгермеген. Сонымен қатар, азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын бұзу динамикасы едәуір өскен. 2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар жасаған заңбұзушылықтардың саны 4,5 есеге өскен.

Осыған байланысты депутат Бейбіт Мамыраев Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевқа сауал жолдады.

“2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар саны 1,2 есеге ұлғайған. (…) Азаматтығы жоқ адамдар жасаған заңбұзушылықтардың өсуі немен байланысты? Министрлік бұл заңбұзушылықтардың жолын кесу үшін қандай шара жүргізіп жатыр?”, – деп сауал жолдады депутат.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, статистика бойынша, жалпы азаматтығы жоқ адамдар жасаған заңбұзушылықтар саны өскен.

“Оның себебі – бүгінде 7 мыңнан аса адамның азаматтығы жоқ. Олардың негізгі жасайтын заңбұзушылықтары – Қазақстан Республикасы аумағында тіркеусіз, арнайы құжатсыз тұрып жатқан азаматтар. Бұлардың барлығы рейд және тексеріс шаралары кезінде анықталды. Алайда олар жалпы миграциялық жағдайдың нашарлауына әсер етпейді. Ондай жағдайлар анықталған кезде азаматтарды құқық бұзғаны үшін есепке аламыз. Алдағы уақытта азматтығы жоқ азаматтардың заңды сақтауын қадағалаймыз”, – дейді ІІМ басшысының орынбасары Марат Қожаев.
Дереккөз: Tengrinews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.