05-11-19 | 16:19
Қазақстанда билікшіл тролльдер онлайн талқылауды қолдан ұйымдастырады.
Қазақстанда билікшіл тролльдер онлайн талқылауды қолдан ұйымдастырады

Дүниежүзіндегі адам құқығы мәселелеріне мониториг жасайтын халықаралық Freedom House үкіметтік емес ұйымы интернет еркіндігі жайлы жыл сайынғы зерттеуін жариялады, – деп жазады Азаттық.

Ұйым жариялаған рейтингте Қазақстан “интернеті еркін емес” елдер қатарына кірген. Қазақстанмен бір қатарда Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Пәкістан, Өзбекстан мен Иран тұр.

Ұйымның жазуынша, Қазақстанда “билікшіл тролльдер интернеттегі онлайн талқылауды қолдан ұйымдастырады”,

«Үкіметтің мобилді байланыс рыногын монополиялауы және тікелей электронды бақылау құралдарын енгізуі Қазақстандағы интернет еркіндігінің азаюына әсер етті,- деп жазады Freedom House.

Freedom House биылғы есебінде Қазақстанды “интернет, әлеуметтік желілер және байланыс платформалары жиі бұғатталатын”, “саяси, әлеуметтік және діни контенттер шектелетін”, “блогерлер, құқық қорғаушылар, желі қолданушылары немесе билікті сынағандар жиі қудаланатын, жауапқа тартылатын” елдердің қатарына енгізген.

Ұйым есебінше, Қазақстанда “билікшіл тролльдер интернеттегі онлайн талқылауды қолдан ұйымдастырады және Қазақстанда жұртты шатастыратын немесе билікті, саяси партияның аппаратын қолдайтын контенттерді тарату үшін боттарды, гиперпартизан комментаторларды, жаңалық сайттарын, желідегі топтарды пайдаланады” деп жазылған есепте.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.