Қазақстанда электр энергияның тапшылығын төмендетуге мүмкіндік беретін өнім жасалды.
Қазақстанда электр энергияның тапшылығын төмендетуге мүмкіндік беретін өнім жасалды

Нұр-Сұлтанда “Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің кооперациясы” атты конференция өтуде. Іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Конференция “Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференция барысында қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықтың нәтижелері таныстырылады.
“Water Energy” компаниясы гидростанциялар мен жылу генераторларына арналған жаңа технологияларды әзірледі. Виктор Лысенко, Water Energy компаниясының директоры өз жобасы туралы әңгімеледі.
“Бұл өнімді біз Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ҚР БҒМ гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырдық. Біздің өнімнің міндеті отандық гидротурбин өндірісін жолға қою болып табылады, олар патенттелген және прототиптерді дайындау сатысында. Қазіргі уақытта біз бизнес-серіктес тауып алдық, оның негізінде біздің инновациялық әзірлемелерімізді, атап айтқанда, қуаты әртүрлі СЭС және жылу генераторларын өндіретін боламыз”, – деді ол.
Әзірлеуші атап өткендей, өнім елдің оңтүстік аймақтарындағы электр энергиясының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
“Біз осы әзірлемелермен 10 жыл бойы айналыстық, ал гранттық қаржыландыру бізге отандық өндіріс үшін база құруға мүмкіндік берді. Біз сертификаттауға ие болдық және нарыққа шығамыз. Бұрын бұл турбиналар Ресейде, Қытайда және Еуропада сатып алынған. Өнім сұранысқа ие, себебі таулы аймақтарда гидроэнергетикалық ресурстардың көлемі үлкен және негізгі энергия өндіруші қуаттар солтүстікте орналасқан. Осыған байланысты, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығы әлдеқайда күшті сезіледі, ал біздің жоба оны төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл шағын бизнесті ынталандырады”, – деді Виктор Лысенко.
Конференция аясында “Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасының операциялық қызметі мәселелері бойынша пікірталас алаңы өтеді, онда ғылым мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық ғылыми жетістіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау талқыланады.
Сондай – ақ, шара аясында “Өнімді инновацияларды ынталандыру-табысты жобалар” көрмесі өтуде. “BioMix” компаниясы бірінші отандық “BioMix7BLB” биопрепаратын органикалық ластағыштардан кәріздік ағындарды жинағыш көлдерді биологиялық тазарту үшін белсенді микроорганизмдер негізінде әзірледі. “EcoSave” агроөнімдерді қорғау технологиясын отандық әзірлеуші агроөнімдерді микробтық аурулардан және көкөніс қоймаларында ұзақ сақтау кезінде қамба зиянкестерінен қорғау үшін экологиялық қауіпсіз биопрепараттарды ұсынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.