24-06-19 | 12:43
Қазақстанда киік 55 пайызға өскен.
Қазақстанда киік 55 пайызға өскен

Қазақстандағы киік саны 55 пайызға өскен. Мұндай мәліметті Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы таратты.

Киіктің жалпы саны – 334 400. Соның ішінде Бетпақдала популяциясы – 111 500, Орал популяциясы – 217 000, Үстірт популяциясы – 5 900-ге жеткен.

Бұл киіктердің биылғы төлін есептемегендегі соңғы жыирма жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Киік санының өсуіне халықаралық және қазақстандық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың киікті зерттеу және сақтау жолындағы жұмыстарының нәтижесі.

Киіктерге авиа есеп жүргізу ісі сәуір сайында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мен ауылшаруашылығы бірігіп жүргізген “Алтын дала” жобасының аясында жасалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.