11-10-19 | 14:05
Досаев: Қазақстанның халықарадық резерві азайды.
Досаев: Қазақстанның халықарадық резерві азайды

2019 жылдың ақпан айының соңына Қазақстанның халықарадық резерві алдын ала болжамдар бойынша 88,2 млрд долларды құрайды.

«1 наурызда Ұлттық банктің алтын валютасы резерві алдын ала болжам бойынша 29,2 млрд АҚШ долларын құрайды, Ұлттық қор активтері – 59 млрд доллар», — дейді Досаев Үкімет отырысындағ «2019 жылдың қаңтар ақпан айына әлеуметтік-экономикалық даму мен Республикалық бюджетті орындау қорытындысы» тақырыбында өткен үкімет отырысында.

2019 жылдың қаңтарының соңында Қазақстанның халықаралық резерві $88,8 млрд болған. Осылайша резерв 0,7%-ға азайған.

Сонымен қатар Досаевтың айтуынша Ұлттық банк айырбас курсын еркін жүзу режимін ұстана береді. Төрағаның мәліметтері бойынша, 2019 жылдың ақпанында Ұлттық банктың валюта нарығында нетто-интервенция көлемі нөлге тең.

«Экономиканың негізгі секторлары үшін ұзақ мерзімді ресурстар ұсыну аясында соммасы 600 млрд теңгеге Қазақстан Ұлттық банкі үкіметпен және банктермен бірігіп жобаларды қаржыландыру механизмін жасап шығарды. Қазір оның іске асу жұмыстары басталды. 2019 жылдың 1 наурызына екі банктің облигациялары сатып алынады. Оның соммасы 25 млрд теңгені құрайды», — деді Досаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.