Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан қайтыс болған жедел жәрдем қызметкерлерінің жақындарына көңіл айтты.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында көлік апатынан қаза тапқан Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлердің отбасына қайғыра көңіл айтамын.
Бұл трагедия дәрігер болудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Ауа-райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады.
Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері – Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды.
Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр.
Қазір Семей қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз»,- деп жазды министр Instagram парақшасында.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024