21-10-24 |
1880 рет қаралған
АҚШ-та Ердоғанның қарсыласы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды.
АҚШ-та Ердоғанның қарсыласы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды

Түркияның ықпалды уағызшысы Фетхуллах Гүлен 83 жасында Пенсильвания штатындағы ауруханада қайтыс болды. Отанында оған 2016 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылған болатын.

Анкара 2016 жылғы сәтсіз төңкерістің артында тұрған түрік қоғам және діни қайраткері Фетхуллах Гүлен 1990 жылдардың соңынан бері тұрып жатқан АҚШ-та қайтыс болды.

Гүленнің Хизмет қозғалысына қатысы бар әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға сәйкес, бұрынғы ислам уағызшысы Пенсильванияда 83 жасында қайтыс болды.

Herkul.org порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Гүлен ауруханада қайтыс болды, өлім 20 қазан күні сағат 21:20-да расталды. «Оның дәрігерлері жақын арада мәлімдеме жасайды», делінген.

Кейін қайтыс болғаны туралы хабарды түріктің негізгі ақпарат құралдары да таратты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.