arasha.kz

Ақын Шөмішбай Сариев өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін аяқтаған соң, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.

1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

 1970-1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған.

1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленген «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет еткен.

«Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрген. Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарияланған. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шыққан.

1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған.

Сонымен қатар Шөмішбай Сариев Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003), «Тарлан» сыйлығының иегері (2004), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Arasha.kz редакциясы ақынның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Exit mobile version