Қазақстандық белгілі дизайнер Берік Исмаилов дүниеден озды. Қаралы хабарды әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді.
«Алтын ағам-ай Бұл фәни жалғандааааа, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін…. Енді, бұдан былай , сіздің күлкіңізді естімейтініме…..Сізді , Италиядан не әкеледі екен деп, күтпейтініме….Сізге еркелемейтініме…..Сізбен енді сырласпайтыныма….. Сенейін бе??Иманды болыңыз Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем…. Мен егер, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке…». -деп жазады Меруерт Түсіпбаева.
Берік Әбдішұлы Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, «Берік Ысмайылов» ауторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева ауторлық мектебінің түлегі. Оның қолынан шыққан киімдерді елге танымал әртістер, саясаткерлер мен бизнесмендер киген. Соңғы уақытта ол маска тігіп, халыққа тегін таратып жүрген еді.
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025