Павлодар облысында өртеніп жатқан үйге келген 23 жастағы құтқарушы қаза болды. Тілсіз жауды сөндіру кезінде Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлап, ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді.
Павлодар облыстық төтенше департаментінің мәліметінше, оқиға 25 ақпанда Ақсу шағын ауданында болған. Өрт оқиғасы төрт бөлмелі үйден шыққан.
«Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылы туған Ақсу қаласы № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлады. Өрт сөндіруші Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілді. Кейін дәрігерлер оның көз жұмғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізілді», – дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Бұған қоса, департаменттегілер ажал құшқан Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарғанын жеткізді. Ол Павлодар қаласының тумасы, отбасы бар.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Ведомствоның мәліметінше, 1991-2021 жылдар аралығында азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024