31-01-21 |
1850 рет қаралған
Президент қайтыс болған журналистің отбасына көңіл айтты.
Президент қайтыс болған журналистің отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын баспасөз хатшысы Берік Уали Facebook парақшасында жариялады.

«Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеті жоғары бағаланатын.
Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», – деді Тоқаев.

Михаил Дорофеев 48 жасында өмірден озды. Журналист Атырау қаласының тумасы.

Ол «Мегаполис», «Евразия-Центр», «Город», «Экспресс К» сынды басылымдар мен КТК, Қазақстан, Астана-ТВ, «Астана», «Хабар» телеарналарында еңбек етті.

2015 жылдан бері Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы.

2018 жылы Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығын алған.

Arasha.kz ұжымы Михаил Дорофеевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.