arasha.kz

Қазақстандық әлем чемпионы өз-өзіне қол жұмсады

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың денесі табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ПД мәліметінше, 35 жастағы зілтеміршінің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылған. 

Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Жақындарының сөздеріне қарағанда, ер адам өзіне қол жұмсаған. Бүгінгі таңда өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басшылығының бақылауында, – деп жазылған хабарламада.

Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордсмені. Сәтті өнер көрсеткені үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Зілтеміршінің жұлдызды кезеңі 2009-2016 жылдар аралығына түсті.

2016 жылы Седов ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына қатысудан эмоционалды түрде бас тартып, жанжалдың ортасында болды. «Міне, саған нағыз Олимпиада чемпионы!» – деп айқайлап, футболкасын шешіп, трибунаға қарай лақтырған.

Кейінірек Седов өзінің мансабының аяқталуына Илья Ильинді кінәлап, бірнеше рет айыптады.

«Илья Ильин менің мансабымды аяқтауға құқығы жоқ еді», — Владимир Седов.

2021 жылы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер 25 жасында өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен Сергей Седов (Владимир Седовтың үлкен ағасы) айырылды.

Arasha.kz

ФОТО:esquire.kz

Exit mobile version