Түркістанда жеке тұрғын үйде төрт бала мен анасы газдан уланды. Бір үйдің бес адамын құтқару мүмкін болған жоқ. Үйден тек 41 жастағы келіншек және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалардың денесі шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қайғылы оқиға 27 ақпан күні тіркелді. Оқиға болған кезде үйдің отағасы емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиға орнына барды.
«Бүгін Түркістан қаласында қайғылы жағдай орын алды. Бір отбасының бес мүшесі газдан уланып қайтыс болды. Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда.
Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ, Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым», – деп жазды Шөкеев.
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді.
Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы көз жұмған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді. 5 азаматтың денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.
Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024