Жамбылдағы жарылыстан қаза болғандарды аза тұту күні жарияланды
arasha.kz
Елімізде 29 тамыз оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыс салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын»,- деп жазды Ақорда сайты. Естеріңізге салсақ, 26 тамыз күні Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болып, жүзге жуық адам жарақат алды. Оқиға салдарынан төтенше жағдай қызметі және әскери бөлім жауынгерлерінен 12 адам көз жұмды.