30-12-19 | 22:28
“Қазаэронавигация” Bek Air компаниясының болжамын жоққа шығарды.
“Қазаэронавигация” Bek Air компаниясының болжамын жоққа шығарды

Bek Air әуе компаниясы 30 желтоқсанда баспасөз мәслихатын өткізіп, 27 желтоқсан Алматыда апатқа ұшыраған компанияға тиесілі ұшақтың апатқа ұшырау себептеріне қатысты өз болжамдарын мәлім еткен.

Bek Air әуе компаниясының ұшу қызметінің басшысы Ерік Сапаров:

«Жел – 140, тыныш, 1000 метрден бәрі көрінеді, ерекше құбылыстар байқалмайды. Онда неліктен ұшақ теңселіп, бір қанатынан екінші қанатына ауысып, ауытқиды, бұған алған жылдамдық себеп пе? Біз алдымызда қандай ұшақ ұшқаны туралы деректерді алдық. Белгілі болғандай, алдымызда 90 тоннаға дейін жүк көтере алатын Мәскеуге бағыт алған Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus 321 Neo ұшағы ұшқан. Енді ұшу уақытына назар аударыңыздар: 01:19 секунд UTC, яғни Алматы уақыты бойынша – 7:19. Оның жылдамдығы – 184 түйін. Біздің Fokker 100 сағат 01:20 секундта, жылдамдығы 155 түйінмен ұшты. Яғни, арасы – 1 минут, Fokker 100 көкке көтерілгенде алдыңғы ұшақтың ауада қалдырған иірім ізіне барып шатасты…» деді.

Алайда, ҚазаэронавигацияBek Air әуе компаниясының жоғарыдағы сөзін жоққа шығарып, арнайы мәлімдеме таратты.

««Қазаэронавигацияның» авиация апаты себебіне болжам жасау жоспарында жоқ еді. Бірақ шындыққа жанаспайтын Бек Эйр әуе компаниясының болжамынан кейін төмендегідей хабарлама жасауға мәжбүр:

Фоккер-100 ұшағының оның алдында ғана әуеге көтерілген Аэробус А-321 секілді 136 тоннаға дейінгі ұшу массасы бар. Сәйкесінше, орташа ұшақтар категориясына жатады. Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылдың 16 мамырдағы № 279 бұйырығымен бекітілген әуе қозғалысын реттеуді ұйымдастыру ережесінің 186 пунктінде ұшақтардың ұшуы кезіндегі ең төменгі аралық интервал бір минут деп көрсетілген. Қазақстан Республикасында көрсетірген интервалдар дүниежүзі қолданатын талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Әлемнің барлық әуежайларындағы ұшу-қону интервалі осы талап пен стандарт бойынша жүреді» делінген «Қазаэронавигация» жариялаған мәлімдемеде.

27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.