10-04-21 | 11:39
Білім байқауының үздіктері анықталды.
Білім байқауының үздіктері анықталды

2021 жылы 6-8 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты студенттер арасындағы байқау өтті. Еліміздегі алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны бұл шараны биыл сегізінші мәрте өткізіп отыр.

Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттерімен қатар жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті де белсене қатысты. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі «VIII Халықаралық Фараби оқуларының» ашылуын факультет деканының орынбасары Тілеуберді Ербол басқарды. Факультет деканы Жаппасов Ж.Е. ашылу сөзін сөйледі. Ауқымды халықаралық іс-шараның ашылуында маңызды баяндама жасаған Тілеуберді Ербол жас талапкерлерге ғылыммен айналысудың маңыздығына тоқтала келіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

     БИЗНЕС-ИНКУБАТОР инновациялық жоба конкурсына қатысқан қандастарымыз Касип Ерханат, Бақытәлі Сұңғыла, Берікбол Айжұлдыз жүлделі орынға ие болды. Касип Ерханат тері илеу өнерін және «термос-қалта» ыдысын жасаса, бақытәлі Сұңғыла киіз басу өнерінің жаңа әдісін көрсетті. Берікбол Айжұлдыз телефон салатын сөмке тікті.

     Университет үздік бағаға ие болған жұмыстарға қаржылық қолдау көрсететін болды. Бұдан тыс, қатысушылар өз өнімдерін университет жанындағы технопаркта сата алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.