17-03-21 | 16:21
Бір жылда 68 елде 860 журналист коронавирустан көз жұмды.
Бір жылда 68 елде 860 журналист коронавирустан көз жұмды

Латын Америкасы өлім көрсеткішінен көш басында. Украина мен  Ресей  елдері 15 және 16-шы орында.

Бұл мәліметтерді Press Emblem Campaign (PEC) жариялады.

Бразилия Ұлттық журналистер Федерациясы 39 жасында қайтыс болған репортер Джадсон Симоинс туралы жарыса жазды.

 «Біз күн сайын жүз мыңдаған сөз жазсақ та, өлімге қатысты сезімдерімізді білдіруге келгенде сөздік қорымыз жетпей жатады. Демократия мен сөз бостандығын қорғаушы, ерекше харизмаға ие адам». – дейді танымал журналистке қатысты пікір айтқандар.

Коронавирустан қаза болған БАҚ өкілдерінің дені індетті жұмыс кезінде жұқтырған.

 «Инфекцияның пайда болуы мен оны қайдан жұқтыру туралы  айту қиын, бірақ көбісі оны жұмыс кезінде жұқтырған», – дейді РЕС бас хатшысы Блезз Лемпен.

Қазір РЕС ел үкіметтеріне журналистердің вакцина алуына қол жеткізушілердің басым тізіміне енгізуге үндеу жасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.