10-11-21 |
«Біздің елге сондай қатер төндірмесіне кім кепіл?».
«Біздің елге сондай қатер төндірмесіне кім кепіл?»

Тіркелмеген Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың «Қазақстанда орыс тілді азаматтарға ксенофобия бар» деген сөзіне қатысты пікір айтты.

«Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың айтқан сөзіне Қазақстаннан әлі де ресми жауап болған жоқ.
Ал бұған үнсіз, жауапсыз қалуға болмайды.
Себебі, Лавров ол көп депутаттың бірі емес. Бір ғана саяси партияның жетекшісі емес. Ол — Ресей сыртқы істер министрі. Оның айтқаны — сол мемлекеттің ресми позициясы деген сөз.
Оған жауап беруі тиіс адам — Қазақстан сыртқы істер министрі. Лавровтың айтқанын жоққа шығарсын. Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет екенін мәлімдесін. Елдікті қазір қорғай алмасақ, ертең бұл қысым күшейе береді.
Ресейдің ресми тұлғасының бұл мәлімдемесі аса қатерлі белгі. Себебі, Украинаға агрессия бастамас бұрын бірнеше жыл бұрын дәл осындай ақпараттық шабуылдар болды бұл елге. Артынан Қырымды, Донбасс пен Луганскіге шабуыл болды. Ертең біздің елге сондай қатер төндірмесіне кім кепіл?
Ондай болмас үшін тәуелсіздікті күшейтуіміз керек. Ақпараттық, әскери, экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу қажет. Онсыз елдікті қорғай алмаймыз!», – деді Жанболат Мамай.

Лавровтың «Российская газетаға» шыққан мақаласындағы ксенофобияға қатысты Қазақстан тарапы ресми жауап берген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.