19-09-19 | 12:13
Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан Гондурастан кейін 60 орында тұр.
Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан Гондурастан кейін 60 орында тұр

Әлем елдеріндегі бақыттың рейтингін шығаратын зерттеушілердің дерегі бойынша World Happiness Report  Қазақстан Гондурастан кейін 60 орында тұр.

Жалпы рейтинг 156 мемлекет арасында жүргізілген. Соның ішінде 1 орында, Финляндия тұрса, алғашқы үштікті  Дания мен Норвегия алады. 4 орында Исландия, ал Нидерланды 5 орынға жайғасыпты. Сосын Швейцария, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Австрия үздік ондыққа кіріпті.

Ал 60 орында тұрған Қазақстанның алып отырған бағасы – 5,809.

Қазақстанның статистика комитеті де “Халықтың өмір сапасын” анықтайтын есеп жүргізеді. Бұл есеп бойынша халқымыздың  60% өз өміріне риза.

Бақыттың халықаралық есебі осымен жетінші рет шығарылып отыр. Ең алғаш мұндай есеп 2012 жылы құрылған. Зерттеушілер халықтың бақыт өлшемін бірнеше факторлар арқылы анықтайды  екен. Олар: билік пен бақыт қарым-қатынасы, әлеуметтік мінез, ақпараттық технологиялардағы өзгеріс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.